2022 жылдың 28 тамызда сайлау округі бойынша Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45 бабы, 113-10 бабы, 44 бабының 2 тармағына, 14 бабының 9 тармақшасына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасына сәйкес, Ақсу қаласының ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелерін анықтады:
Қызылжар ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Қызылжар сайлау округі:
Сайлаушылар тізіміне 1714 азамат енгізілді, дауыс беруге қатысқандар-1286, жарамсыз деп саналған бюллетендер саны-16, «Бәріне қарсы» -4.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Абильдинов Д. Ж. – 1152 (91%); Байманов К.К. – 39 (3%); Ермекова А.К. – 75 (6%).
Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып Абильдинов Даулет Жумабайұлы сайланды, 1990 жылы туған, «Ақсу қаласы әкімі аппараты» ММ азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімінің басшысы, Ақсу қаласында тұрады, "AMANAT"партиясынан ұсынылды.
Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы