Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2022 жылғы 17 тамызда Ақсу қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

Отырыста комиссия төрағасы С.Жақыпов сөз сөйлеп, 2022 жылғы 17 тамыздағы сағат 18-00 - дегі жағдай бойынша ұсынылған 3 кандидаттың  өзін-өзі ұсынғандар-2, партиядан- 1, тіркелгендігін хабарлады.

Оның ішінде әйелдер - 1, ерлер - 2. Үміткерлердің орташа жасы 40,3 жасты құрайды. Ең үлкен үміткер-52 жаста, ең жасы – 32 жаста.

Кандидаттар мамандықтар бойынша: құқықтану – 1, селекционер-биотехнолог  -1, мұғалім -1.

 

17 тамыз күні сағат 18-00-ден бастап Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар 2022 жылғы 17 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2022 жылғы 27 тамызда сағат 00:00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

 

 

Ақсу қалалық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
17 августа 2022