Шөп дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

 Малға жем дайындау кезінде ауыл тұрғындары ғана емес көптеген қалалықтар да бүкіл жаз бен күз бойы білек сыбанып жұмыс істейді. Ең өкініштісі көп күнгі еңбегіңді санаулы минуттарда оттың жалмап кеткенінде.

Облыс бойынша ағымдағы кезеңде шөпті жинау және сақтау кезінде тұрғындардың отты абайсыз қолдануы және балалардың отпен ойнауы себептерінен көп өрт болады.

Павлодар облысының ТЖД Шарбақты ауданының ТЖ бойынша бөлімі ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер басшыларынан өтінеді. Шөпті жинау және сақтау кезінде ірі азықты сақтау орындарына тасу және жинау бойынша сенімді техниканы дайындау және дұрыс ұйымдастыруға ерекше көңіл аударыңыз. Бұл шаралар көп уақыт пен ірі көлемдегі шығынды қажет етпейді. Осыны пайдаланып өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын естеріңізге саламыз.

Шөпті дайындау және жинау жұмыстарына тек қана ұшқын сөндіргіш пен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған автотехника жіберіледі. 

Шөпті жинақтау аумағы жанғыш қоқыстан тазартылған, шеті қоршалған немесе мүмкіндігінше су көздеріне жақын орналасуы қажет. 
Отаудан электрөткізу желілеріне дейінге арақашықтық 15 метрден аспай, жолдарға дейін 20 метрден кем болмауы керек. 

Шөптерді тұрғын құрылыстарының жанына қоралар шатырына жинауға және сондай-ақ өту және жүру жолдарын бөгеуге болмайды. 

Шөпті көлікпен тасымалдау кезінде жинау биіктігі 4,5 метрден аспауы керек.

Құрметті азаматтар!

Отты пайдалану кезінде ойланбай әрекет етпеңіз! Астықты нанды сақтағандай қорғау керек!

Ірі жемді дайындау және сақтау орындарында отты пайдалану кезінде аса абай болу керек, сөндірілмеген ошақ, ыстық аптап ауа-райындағы тасталған сіріңке немесе темекінің қалдығы арты толмас қайғыға әкеліп соғуы мүмкін.

Өрт астық жинау техникасына, тракторларға, автомобиль және өзінен жүретін шассиге жанар-жағармайды құюда белгіленген ережелерді бұзу кезінде шығуы мүмкін. Төгіліп қалған май, бензин, керосин және басқа да жеңіл тұтанатын және жанатын сұйықтар үлкен қауіп-қатер көрсетеді. Жану жүйесіндегі, ауыл шаруашылық агрегаттар құбырларындағы ұшқын сөндіргіштер болмаған кездегі ұшқындар, агрегаттар торабындағы жиналып қалған  сабан массасының үйкелуі алқаптағы және пішендік жерлердегі өрттің себебі болуы мүмкін.

Отты пайдалану кезінде ойланбай әрекет етпеңіз! Астықты нанды сақтағандай қорғау керек!

 Ақсу қаласының ТЖБ

Дата публикации
10 августа 2022