Су айдынында ережелері сақта
Міне, жылды күндер де келіп қалды. Ия жазғы каникулды көңіл көтермей, көлге, өзенге шомылмай өткізу мүмкін емес екендігін біз білеміз. Сонықтан да, жазғы каникулды көңілді және ерекше есте қалатындай етіп өткізу үшін суға шомылу кезіндегі бір қатар ережелерді әрқашанда ескеріп және оны қатаң сақтау қажеттігін естеріңізге саламыз.
Подробности
Просмотров: 2947
Су дегенің – қауіпті ғой. Онда қатты ағын немесе күрт тереңдік болуы, су астында өскен балдыр шөптерге аяққа оратылып қалу жағдайлары болуы мүмкін. Ал егер суға түсу кезіндегі ережелерді қатаң сақтасаңдар судағы барлық қауіптерді жеңіп, емін – еркін қызықты және жақсы дем ала аласыздар.
Сіздердің кейбіреулеріңіз суда жүзе аласыздар, алайда сіздер ойламаңыздар маған суға шомылу кезінде қауіп жоқ деп. Бастысы естеріңізде сақтаңыздар, ересектерді тыңдаңыздар, олар бірінші кезекте сіздердің қауіпсіздіктеріңізді ойлайдыІ
Есте сақтаңыздар!
Жаға жайда дем алу кезінде бастарыңызға күннің ыстығы өтпес үшін бас киім киіп жүріңіздер.
Жаға жайларға ата-анасыз немесе аға және апаларыңызсыз бармаңыздар. Егер бір жаққа баратын болсаңыздар оларды ескертіңіздер.
Сіздерге бей мәлім жерлерде суға секірмеңіздер және сүңгуге болмайды, ол жерлерде көзге көрінбей жатқан тастар және басқа да бөгде заттар болуы мүмкін.
Аяқтарыңыз жерге жетпейтіндей тереңге бармаңыздар. Ойнап бір – біріңді суға батырмаңдар!
Егер еш қауіп болмаса ересектерді қалжыңдап көмекке шақырмаңыздар. Олар бірінші ретте көмекке келеді, ал егер шын мәнінде бір жағдай болып жатса олар екінші рет сенбей көмекке келмей қалуы мүмкін.
Егер жүзу білмесеңдер міндетті түрде құтқару жилеттерін киіңіздер немесе құтқару шеңберімен жүзіңіздер.
Абай болыңыздар – ағын сіздерді тереңге алып кетуі мүмкін, ал құтқару құралдарының желі шығып кетуіде мүмкін.
Қайықпен жүзген кезде бір жақ жақтауға отырмаңыздар және қайықты шайқамаңыздар, қайық аударылып қалуы мүмкін. Қайықтан суға секірмеңіздер, бір қайықтан екінші қайыққа секіруге болмайды.
Қайықпен жүзер алдында (қайық бүтінбе, ескек, құтқару шеңбері, су тазалайтын ыдыс) барма екендігін тексеріңіздер.
Ақсу қаласының ТЖБ