Тұрмыстық газдан пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаныздар!

Тұрмыстық газдан пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаныздар!

         Газ баллондарын және газ құрал-жабдықтарын осы өнімді сатуға сертификаттары бар мамандандырылған ұйымдардан ғана сатып алу керек. Өйткені жұмыс істейтін газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану және оларды тиісті жағдайда ұстау үшін жауапкершілік олардың иелеріне жүктеледі.   

         Газ ауамен қосылғанда жарылатынын және өртке қауіпті екендігін ұмытпаңыздар! Қосынды тұтануының көздері ашық от, электр құралдарын қосқан және өшірген кезде туындайтын электр ұшқыны болуы мүмкін. Улануды болдырмау үшін газды жақпас бұрын тарту күшін тексеру қажет, газ қондырғыларын қосқаннан кейін және олардың жұмыс істеуі кезінде желдеткіш каналдардың дұрыстығын қадағалау, әрдайым бөлмені әсіресе ұйықтар алдында желдету керек.

         Тұрмыста газды пайдаланған кезде:

  • Газ құралдарын, баллондарды, арматураны өз бетімен қайта орнатуға және жөндеуге; жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыруға;
  • Газ құралдарын мектепке дейінгі жастағы балалар және оларды қауіпсіз пайдаланудың ережелерін білмейтін тұлғаларға жол беруге;
  • Газдың шығып кетуін анықтау үшін ашық отты пайдалануға (ол үшін тек сабынды эмульсия ғана қолданылады);
  • Қысым реттеуішін нығыздауыш сақинасынсыз немесе төсемсіз орнатуға;
  • Жұмыс істейтін плита маңында тез жанғыш материалдар мен сұйықтықтарды орналастыруға;
  • Ұйықтау және демалу үшін газ құралдары орналастырылған бөлмелерді пайдалануға;

        Ақсу қаласының ТЖБ

Дата публикации
10 августа 2022