Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы Хабарлама
2022 жылғы 4 тамызда Қызылжар ауылдық округінің әкіміне өз кандидатураларын ұсыну туралы құжаттарды «AMANAT» Партиясы» ҚБ-інен Абильдинов Даулет Жумабаевич, ал өздерін ұсыну тәртібінде Ермекова Асемгуль Канатовна, Байманов Қанатбек Қайроллович ұсынды.
Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтауды жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 12 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.