Қоғамдық тамақтану объектілеріне және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын талаптар

Қоғамдық тамақтану объектілеріне және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын талаптар

         Ақсу өңірінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілер санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болмай қызметін жүзеге асырады.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 07.07.2020 ж. № 360-VI Кодексінің (бұдан әрі-ҚР № 360-VI кодексі)38-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес:
Халықтың пайдалануына, қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануға, қолдануға арналған Өнімді:
- Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы;
- Маңыздылығы болмашы объектінің қызметі (пайдаланылуы) бойынша хабарламаның болмауы;
29.10.2015 ж. № 375-V "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі" 108 - бабының 2-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
кәсіпкерлік субъектілері рұқсатты алуға және ол жарамды болуға тиіс, ал хабарламаны кәсіпкерлік субъектісі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін жіберуге тиіс.
          Жеке және заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарды 16.05.2014 ж. № 202-V "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңында белгіленген тәртіппен эпидемиологиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдаланылуының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабардар етуге міндетті. Бұл ретте, жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) басталғанға дейін объектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
          ҚР № 360-VI кодексінің 82-бабы 1-тармағының 2 және 4-тармақшаларына сәйкес жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес::
- "Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындау";
- "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыру";
            Жоғарыда баяндалғанның негізінде және жұқпалы аурулар мен тамақтан улану жағдайларының тіркелуіне жол бермеу мақсатында жеке кәсіпкерлермен объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мәселелері бойынша жұмыс істеуге жәрдем көрсетуіңізді сұраймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық тамақтану объектілеріне және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын талаптар Ақсу өңірінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілер санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болмай қызметін жүзеге асырады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 07.07.2020 ж. № 360-VI Кодексінің (бұдан әрі-ҚР № 360-VI кодексі)38-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес: Халықтың пайдалануына, қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануға, қолдануға арналған Өнімді: - Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы; - Маңыздылығы болмашы объектінің қызметі (пайдаланылуы) бойынша хабарламаның болмауы; 29.10.2015 ж. № 375-V "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі" 108 - бабының 2-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді. кәсіпкерлік субъектілері рұқсатты алуға және ол жарамды болуға тиіс, ал хабарламаны кәсіпкерлік субъектісі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін жіберуге тиіс. Жеке және заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарды 16.05.2014 ж. № 202-V "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңында белгіленген тәртіппен эпидемиологиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдаланылуының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабардар етуге міндетті. Бұл ретте, жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) басталғанға дейін объектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті. ҚР № 360-VI кодексінің 82-бабы 1-тармағының 2 және 4-тармақшаларына сәйкес жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:: - "Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындау"; - "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыру"; Жоғарыда баяндалғанның негізінде және жұқпалы аурулар мен тамақтан улану жағдайларының тіркелуіне жол бермеу мақсатында жеке кәсіпкерлермен объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мәселелері бойынша жұмыс істеуге жәрдем көрсетуіңізді сұраймын.
Дата публикации
24 июня 2022