Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі

 

Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі

 

 

  1. "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру"

- көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

  1. Сондай-ақ "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру "бір өтініш" қағидаты бойынша алады

- көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

  1. "Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарына, шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру"

- көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

Қызмет көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері негізінде жүзеге асырылады.

  1. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің;

2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

- осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

зерттеулер (сынақтар)хаттамаларының электрондық көшірмесі,

-осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген тексерулер;

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы денсаулық сақтау жүйесі туралы "2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі
Дата публикации
23 июня 2022