«Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы                     2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы             1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес,         қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қазандағы «Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 722/10 қаулысының күші жойылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.А. Гайдаренкоға жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

         Қала  әкімі                                                                 Н. Дүйсенбинов

Ереже

Қаулы

Скриншоттар және сілтемелер

 

Дата публикации
20 апреля 2022