«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі 2021 жылғы 18-28 қазан аралығында Ақсу қаласы әкімінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әсер ететін ықтимал факторларды анықтау тұрғысынан әлеуметтік сауалнама жүргізді.
Сауалнаманың мақсаты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әсер ететін ықтимал факторларды анықтау болып табылады.
Сауалнама мәліметтеріне сәйкес оған 90-нан астам қызметкер қатысқан.
Адамдардың 50%-дан астамы сыбайлас жемқорлық деп лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік игіліктер алу мақсатында заңсыз пайдалануын білдіреді деп түсінеді.
95%-дан астамы сыбайлас жемқорлық бұл барынша ауыр жаза қарастырылған қылмыс деп санайды.
90%-дан астамы өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болған жоқ.
65%-дан астамы ұйымдағы жиі болатын ең сыбайлас жемқорлық оқиғалары лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өз өкілеттіктерін асыра пайдалану оқиға деп санайды
90%-дан астамы ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болған жоқ.
63%-дан астамы мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болады деп санайды.
70%-дан астамы ұйымда сыбайлас жемқорлық мүлдем жоқ деп санайды.
70%-дан астамы мемлекеттік мекемедегі сыбайлас жемқорлық фактісінің бастамашысы көбінесе бірінші басшылар болып табылады деп санайды.
65%-дан астамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ең тиімді шарасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг болып табылады деп санайды.
40%-дан астамы ұйымдағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға дайын.
90%-дан астамы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тап болған жағдайда қайда жүгіну керектігін біледі.
Сауалнаманың міндеті Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарындағы сыбайлас жемқорлық жағдайын анықтау болды.
Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде алынған талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардыңек екендігі тәуекелі, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түсінетіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.