Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақсу қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Қосымшаға сәйкес 2022 жылға арналған Ақсу қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығындардың ең төмен мөлшері бекітілсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың хатшысы