Қазақстанда тауарларды таңбалау: қазірдің өзінде не таңбаланады, ал жоспарда не бар

Тауарларды таңбалауды үйлестірумен бүгін ҚР СИМ айналысады және қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті цифрлық таңбалау тек темекі өнімдері мен терілерге ғана енгізілді, онда салалық уәкілетті орган ҚР ҚМ болып табылады.

1 қарашадан бастап бұл шара аяқ киім тауарларына енгізіледі. Дәрілік заттарды таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды, алкоголь және сүт өнімдері, қапталған су және алкогольсіз сусындар мен жеңіл өнеркәсіп тауарлары бойынша «пилоттарды» іске асыру жалғасуда. Тауарлардың осы топтарына міндетті таңбалауды енгізу 2022 жылға жоспарланып отыр. Әлемдік тәжірибені терең талдауға негізделген талдау агенттіктерінің деректері бойынша тауарларды міндетті таңбалауды енгізу тауар нарықтарын «ақтау» үшін триггер болып табылады және тауарлардың көлеңкелі айналымын 70-80% - ға қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда тауарларды таңбалау: қазірдің өзінде не таңбаланады, ал жоспарда не бар
Дата публикации
29 сентября 2021