Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік құрылымның, билік институттарының және азаматтық қоғамның кез келген моделінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басты тежеуші фактор болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еркін, өркениетті әлемде өмір сүруге ұмтылатын әрбір адам үшін ортақ борыш болып табылады.
Мемлекеттік қызметшінің басты ұстанымы құқыққа қарсы іс-әрекеттер мен әрекеттердің жолын кесуге ықпал ететін парасаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру болып табылады.
Ақсу қалалық аумақтық инспекциясында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіледі. Апта сайын сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған қызметшілерді құқықтық оқыту жүргізіледі.
Инспекцияның стендтерінде өсімдіктер карантині және оларды қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқықтық ағарту жөнінде ақпарат берілген. Бұқаралық ақпарат құралдарында және аппарат сайтында ақпараттық-түсіндіру сипатындағы мақалалар жарияланады.
«ҚР АШМ АӨК МИК
Ақсу қаласының аумақтық инспекциясы»
ММ басшысы Ж.Сазданов