Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Ақсу қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5319 тіркелген) № 1006/11 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Ақсу қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Каппасовқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.