Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 

Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің сайлауының қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2021 жылғы 25 шілдеде Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімін бір сайлау округінен сайлау өтті.

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Ақсу қаласы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Мәмәйіт Омаров атындағы сайлау округі

Мамаит Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2338 азамат енгізілді, олардың 2130-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 52, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-16.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

С. А. Амангелдиева – 57; К.К. Байманов – 86; Б. Сукер – 1377; М. А. Сыздықов-542.

         «Nur Otan» партиясы ұсынған, Мамаит Омаров атындағы ауылдық округінің Үштерек ауылында тұратын, Мамаит Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі, 1986 жылы туған, Сукер Болотхан Мамаит Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімін тіркеді

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
26 июля 2021