Сайлау - 2021
А Қ П А Р А Т
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес, "Aqjol" газеті 2021 жылдың 25 шілдесіне белгіленген Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізуге байланысты кезеңге басылым алаңдарын ұсыну шарттары мен тәртіптері, төлем мөлшері туралы ақпаратты жариялайды.
ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ
|
Бет |
Бағасы теңгемен ш/см |
|
Журналистік бет |
200 |
|
Жарнамалық бет |
180 |
|
Соңғы бет |
250 |
Бағалар ҚҚС есебімен көрсетілген.
Жарнамалық модульдер, хабарландырулар, ақпараттық мақалалар газеттің шығуына бір күн қалғанда берілсе - 7% мөлшерде қосымша ақы төленеді.
Төлем түрі: ақшалай немесе аударым арқылы есептесу, алдын ала төлем - 100%.
Материалдарды орналастыру шарттары мен тәртібі: өмірбаяндық мазмұндағы материалдар, сайлауалды бағдарлама мен фотосуреттер ақпараттық қызмет көрсету туралы келісім-шарт пен төлемақы жасалғаннан кейін, редакциямен кезекті газет нөміріне жариялау үшін 2 күннен кешіктірілмей үміткердің немесе оның сенімді өкілінің қолы қойылған қағаз жүзінде және электрондық түрде қабылданады.
Үміткерлердің газетке жариялану тәртібі материалдардың түсу тәртібіне сәйкес белгіленеді немесе жреби арқылы (егер, материалдар бір мезетте түссе).
Сайлауалды ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру мәселесі бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 140100, Павлодар облысы,
Ақсу қаласы, Строитель көшесі, 14 А үй. E-mail: aksu_zholy@mail.ru. Тел: 8-718-37-6-99-50.
"Aqjol" газетінің редакциясы.