Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округіне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы.
2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Қала бойынша барлығы 1 сайлау округінде 7 кандидат, оның ішінде 2 (28,57 %) - саяси партиялармен, 5 (71,42%) - өзін-өзі ұсынған.
Саяси партиялар сайлау округі бойынша кандидатураларын ұсынды: "NurOtan" партиясы 1 кандидат, "Ауыл" ХДПП 1 кандидат.
Орташа бәсекелестік 7 адамды құрады.
Қазіргі уақытта кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.
Ағымдағы жылдын 10 шілдедегі жағдай бойынша 3 кандидат (42,85%) тіркелді.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.