2021 жылғы 7 шілдеде Ақсу қаласы әкімдігінің мәжіліс залында 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Кеңес жұмысына әкімдік бөлімінің, Мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, Ақсу АСК мүшелері қатысты. Оның ішінде энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындар, телекоммуникация, ТКШ, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері бар. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының, қалалық прокуратура мен соттың, жергілікті полицияның, ТЖ бөлімдерінің және т. б. өкілдері қатысты.
Семинар жұмысына қатысып, сөз сөйледі:
- Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б. М. Қаппасов
- әкім аппаратының басшысы Р. б. Мұқанов
- Ақсу ТИК төрағасы С. Т. Жақыпов