Хабарлама

Хабарлама

 

2021 жылғы 25 маусымда Ақсу қаласы әкімдігінің ғимаратында №№492, 493, 499 Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне арналған ҚАК төрағаларымен семинар-оқыту өткізілді.

Алдағы компанияның ерекшеліктері мен учаскелік сайлау комиссияларының міндеттері туралы Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Т. Жақыпов баяндады. Сонымен қатар материалдық-техникалық қамтамасыз ету, санитарлық қауіпсіздік мәселелері, мүмкіндігі шектеулі сайлаушылармен жұмыстар түсіндірілді. Семинарға қатысушыларына сайлау үдерісі тақырыбы бойынша әдістемелік және өзге де материалдар таратылды. УСК төрағалары Б.Ж. Ақтаева, Г.К. Сейлханова, Л.С. Амренова қысқаша ақпарат берді.

Семинар жұмысына қалалық АСК мүшелері, қала әкімі аппаратының басшысы Р.Б. Мұқанов, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы М.Б. Алпыспаев, бас маман А.О. Қабдыуахитов қатысты.

Соңында пікір алмасу, тіпті оқу барысында туындаған сұрақтарға жауаптар болды.

 

Хабарлама
Дата публикации
25 июня 2021