Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімін сайлауға дайындық және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
2021 жылғы 25 маусымда Ақсу қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізілді, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімін сайлауға дайындық және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылданды.
Ағымдағы жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңдағы түзетуге қол қойды.
Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауыл округтері әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.
Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің және ауыл округтерінің әкімі төрт жыл мерзімге, лауазымға Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан жиырма бес жастан кем емес жаста тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқымен жалпыға бердей, тең, тікелей сайлау құқығымен жасырынды сайлау кезінде сайланады.
Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңіндегі баяндамамен сайлау комиссиясының төрағасы Жақыпов Серік Тұрсынқанұлы сөз сөйледі.
Ол кандидаттарды жылжыту сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні басталатыны туралы, яғни 26 шілдеде және сайлау өткізу күніне дайін он бес күн бұрын, яғни 9 шілдеде аяқталатынын хабарлады.
Әкім болуға кадидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алған соң басталады және жергілікті уақыт бойынша 18 сағатта аяқталады, яғни сайлау өткізген күнге дейін он күн бұрын 14 шілдеде.
Сайлау қорытындысы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді, сайлау өткен соң үш күн мерзімнен кешіктірмей учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде.
Мәжілістен кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізілді, онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.