Павлодар облысы Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің  әкімін сайлауды тағайындау туралы

ҚАУЛЫ

Павлодар облысы

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің

 әкімін сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес,  Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсу қаласында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:

- Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі.

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Ақсу қаласы әкімі Аппаратының сайтында және «Новый путь», «AQJOL» газеттерінде жариялансын.

 

 

 

 

Ақсу қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                              С. Жақыпов

 

 

 

Ақсу қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                              А. Жакенова

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу қаласы,

2021 жылғы 25 маусым,

№ 27

Павлодар облысы Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің  әкімін сайлауды тағайындау туралы
Дата публикации
25 июня 2021