Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды

COVID-19 коронавирустық инфекциясының Қазақстан Республикасының тұрғындары  арасында таралуына  жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 5 шілдедегі «Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына сәйкес  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 6 шілдеде № 20935 тіркелген), бес жасқа дейінгі балаларды және спортпен айналысатын тұлғаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда,  халық баратын, қызмет көрсетуге және демалуға арналған жерлерде, қоғамдық көліктерде  (таксилерді қоса алғанда) ашық ауадағы қоғамдық орындарда  болған кезде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады.

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды
Дата публикации
03 июня 2021