Ақсу қаласында және Ақсу қаласының ауылдық округтерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

                                                                           ЖОБА

Ақсу қаласында және Ақсу қаласының ауылдық округтерінде

салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу

коэффициенттерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсу қаласында және Ақсу қаласының ауылдық округтерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Т. Сабыржанға жүктелсін.
  3. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                                                                            Н. Әшімбетов

ЖОБА
Дата публикации
18 мая 2021