Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі Еңбек ауылы Гагарин көшесінің атауын қайта атау мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен өткен жиынның №1 хаттамасы

 

              Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі Еңбек ауылы

Гагарин көшесінің атауын қайта атау мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен өткен жиынның

№1 хаттамасы

 

Еңбек ауылы                                                                     2021 жылғы 5 сәуір

мәдени-бос уақыт орталығы                                          сағат 15:00

 

Жиын төрағасы – Болотхан Сукер, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімімі.

Жиын хатшысы – А.Т. Шоканова, Еңбек ауылы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі әлеуметтік қызметкер.

Жиынға қатысқандар – 22 адам

Айдана Ертанашқызы Куттыбаева халыққа қызмет көрсету орталығы Ақсу қаласы Департаментінің маманы.

 

Күн тәртібі:

 

  1. Ауыл тұрғындарынан Еңбек ауылының Гагарин көшесін қайта атау туралы ұсыныс түсті.

Баяндамашы: Болотхан Сукер Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай,

ауылда көше атауын ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру туралы мәселені сіздердің қарауыңызға ұсынып отырмыз. Осы ұсынысты қарастыруды сұрады.

 

Гагарин

Аламан

 

Келесі сөз, халыққа қызмет көрсету орталығы Ақсу қаласы Департаментінің маманы Айдана Ертанашқызы Куттыбаеваға берілді. Еңбек ауылының көшесінің атауын өзгерту бойынша мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

Ережепова Кошбике - ауыл тұрғыны, зейнеткер. Гагарин көшесін Аламан деп қоюға қарсы еместігін айтты.

Қорытынды жасау үшін ауылдық округ әкімі Болотхан Сукер Еңбек ауылының көше атауын қайта атау жөнінде дауыс беруге шақырды.

Дауыс беру қорытындысы:

“Қолдайды” – 22 адам;

“Қарсы” – жоқ;

“Қалыс қалғандар” – жоқ.

 

Шешім:

 

  1. Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі Еңбек ауылының Гагарин көшесін Аламан көшесіне қайта атау жөніндегі ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолдансын деген шешім қабылданды.

 

 

Жиын төрағасы,

ауылдық округ әкімі                                                      Б. Сукер                                       

 

Жиын хатшысы                                                               А.Т. Шоканова

 

Дата публикации
08 апреля 2021