Алғабас ауылдық округі Жолқұдық ауылы Центральная және Гагарин көшелерінің атауларын қайта атау мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастықтың және ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиынның

Алғабас ауылдық округі Жолқұдық ауылы Центральная және Гагарин көшелерінің атауларын қайта атау мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастықтың және ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиынның

№ 7 хаттамасы

 

Жолқұдық ауылы                                                         2021 жылғы 5 сәуір

мәдени-сауық орталығы                                                сағат 15.00

 

Жиын төрағасы - А.Ж. Рустемов, Алғабас ауылдық округінің әкімі.

Жиын хатшысы - А.Т. Кожасова, Алғабас ауылдық округі әкімінің-көмекші өкілі.

Жиынға қатысқандар - 33 адам.

 

Күн тәртібі:

 

Алғабас ауылдық округі Жолқұдық ауылының Центральная және Гагарин көшелерінің атауларын қайта атау мәселесі.

 

Баяндамашы: А.Ж. Рустемов, Алғабас ауылдық округінің әкімі. Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай, ауылда көше атауын ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру туралы мәселені сіздердің қарауыңызға ұсынып отырмыз. Алғабас ауылдық округі Жолқұдық ауылының Центральная көшесінің атауын Тілеуімбет батыр есіміне және Гагарин көшесін атауын Қазанғап би есіміне өзгертуге ұсыныстар түcті. Осы ұсыныстарды қарастыруға бүгін жиналып отырмыз.

Қ.М. Марденов - ауыл тұмасы, зейнеткер. Тілеуімбет батыр тарихи тұлға екенін, өз заманының атақты қолбасшысы болғанын және біздің жерлесіміз екенін айтып өтті. Сондай дарынды батырлардың есімі өшпеу керек. Батырдың атын бергені дұрыс. Ауыл тұрғындары қарсы болмайды деп ойлаймын.

З.К. Арынов – Ақсу қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы. Тілеуімбет батыр тек қана батыр емес, ол дипломат кісі болған. Бұл кісінің атымен аталған тарихи жер, «Тілеуімбет тауы» осы күнге дейін бар. Атауды не үшін береді елі жерін, халқының мүддесін, әдеп ғұрпын сақтап, қазақтың елін, жерін қорғаған, шындық үшін күрескен батырларға береді. Тарихта із қалдырған адам біздің жерлесіміздің есімін Центральная көшесіне беруге қолдайсыздар деп ойлаймын.

М.К. Омаргалиев – Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы. Биылғы жылы Қазақстан елінің тәуелсіздігіне 30-жыл, көтеріліп отырған мәселелер орынды. Мен осы жердің тумасы болғандықтан ақсақалдарға қосыламын. Батырлардың атын беріп, елдің есінде сақтаған, жастарға тәрбие болу үшін керек. Біз тарихымызды жөндеу керекпіз. Тілеуімбет батыр есімін Центральная көшесіне беруді қолдайтынын айтты.

А.Ы. Оразалин - Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы. Жолқұдық ауылының тұрғындары бүгін үлкен мәселені қарастырып отырсыздар.Тілеуімбет батыр, Қазанғап би қаншама мықты азаматтардың, батырлардың елі. Тілеуімбет батыр өз заманының бір мықты азаматы, батыры, елші, саясаткері болған. Ат үстінде жүрген, білектің күшімен, найзаның ұшымен басқа халық елдеріне қырын көрсеткен батыр. М.К. Омаргалиев айтқандай біздің ұрпаққа керек, балаларымыз жалпы тарихымызді білу үшін, әрі қарай есте сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін керек. Тілеуімбет батырдың басына ұрпақтары тасын жазып орнатты. Дүние жүзі танымал Қазанғап би бабамызға тас қойылған. Сіздердің бір ауыздан қолдап жатқандарыңызға өте қуаныштымын.

Р.А. Кулышева – Осы ауылдың тұрғыны Центральная және Гагарин көшелерінің атауын өзгертуге қарсы емес екенін білдірді.

Т. Оспанов- ауыл тұрғыны, зейнеткер. Гагарин көшесін Қазанғап би көшесіне өзгертуі өте орынды. Бәрі мені қолдайды деп ойлаймын.

Қорытынды жасау үшін Алғабас ауылдық округінің әкімі                  А.Ж. Рустемов Центральная көшесінің атауын Тілеуімбет батыр және Гагарин көшесін атауын Қазанғап би есімімен қайта атау бойынша дауыс беруге шақырды.

Дауыс беру қорытындысы:

«Қолдайды» -  33 адам;

«Қарсы» -   жоқ;

«Қалыс қалғандар» -  жоқ.

 

Шешім:

 

Алғабас ауылдық округі Жолқұдық ауылындағы Центральная көшесін Тілеуімбет батыр көшесіне, Гагарин көшесін Қазанғап би көшесіне қайта атау бойынша ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолдансын деген шешім қабылданды.

 

 

 

Жиын төрағасы,

ауылдық округ әкімі                                                           А. Рустемов

 

Жиын хатшысы                                                                   А. Кожасова

Дата публикации
08 апреля 2021