Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылы Молодежная, Школьная, Зеленая, 60 лет Октября, Луговая және Дорожная көшелерінің атауын қайта атау мәселесі бойынша өткен жиынның
№ 1 хаттамасы
Қызылжар ауылы 2021 жылғы 5 сәуір
Мәдени-бос уақыт орталығы сағат 12-00
Жиын төрағасы – М.С. Солтанов, Қызылжар ауылдық округінің әкімі.
Жиын хатшысы – А. Мадкенова, Қызылжар ауылдық округінің бас маманы.
Жиынға қатысқандар – 25 адам.
Күн тәртібі:
Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылының Молодежная, Школьная, Зеленая, 60 лет Октября, Луговая және Дорожная көшелерінің атауын қайта атау мәселесі.
Баяндамашы: М.С. Солтанов, Қызылжар ауылдық округінің әкімі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қызылжар ауылының кейбір көшелерін қайта атауды ұсынамын. Сіздерденден Қызылжар ауылындағы мынадай ұсыныстарды қарауларыңызды сұраймын. Молодежная көшесін Мұхтар Әуезов есімімен, Школьная көшесін Жүсіпбек Аймауытов есімімен, Зеленая көшесін Сәбит Дөнентаев есімімен, 60 лет Октября көшесін Бұқар жырау есімімен, Луговая көшесін Мәшһүр Жүсіп есімімен, Дорожная көшесін Ақдала көшесі деп атауды сұрайды.
М.А. Кабышев, Т.Онтенов, Р.Бектенов, Б.Жангабулов, Х.Бодаухан, Д.М. Садвакасов, Е.Х.Идрисова, Н.Касенова, А.Каржаспаев, Б.М.Бабашев көшелерді қайта атау бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, қолдайтындарын айтты.
Қорытынды жасау үшін ауылдық округ әкімі М.С. Солтанов бұл мәселе бойынша дауыс беруге шақырды.
Дауыс беру қорытындысы:
«Қолдайды »- 25 адам
«Қарсы» - жоқ
«Қалыс Қалғандар»- жоқ.
Шешім:
Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылындағы Молодежная көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне, Школьная көшесін Жүсіпбек Аймауытов көшесіне, Зеленая көшесін Сәбит Дөнентаев көшесіне, 60 лет Октября көшесін Бұқар жырау көшесіне, Луговая көшесін Мәшһүр Жүсіп көшесіне, Дорожная көшесін Ақдала көшесіне қайта атау бойынша ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолдансын деген шешім қабылданды.
Жиын төрағасы,
ауылдық округ әкімі М. Солтанов
Хатшысы А. Мадкенова