Ағымдағы жылдың ақпан айында Ақсу өңірінің тұрғындарын Коронавирустық инфекцияға қарсы Гам-КОВИД-Вак вакцинасымен вакцинациялау басталды. 06.04.2021 жылға барлығы екі компоненттен – 180 адам, оның ішінде 99 медицина қызметкері, 73 педагог, 8 мемлекеттік қызметші.
Бір компонентпен 265 адам вакцинацияланды, оның ішінде медицина қызметкерлері – 115, педагогтар - 50, мемлекеттік қызметшілер - 10, полиция қызметкерлері – 17, созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған тұлғалар – 22, өзге тұрғындар – 51. КВИ вакцинациясынан кейінгі қолайсыз құбылыстар халық арасында тіркелген жоқ.
COVID – 19-ға қарсы вакцинаны барлық ниет білдірушілер Ақсу қаласы, Ленин көшесі, 31 мекен-жайы бойынша орналасқан "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК емханасының егу кабинетінде ала алады.
Вакцинация сұрақтары бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 4 – 90 – 00.
Есіңізде болсын! Вакцинация-коронавирустық инфекцияны тоқтатудың жалғыз жолы.
Мәлімет үшін: 2021 жылғы 5 сәуір сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Ақсу өңірі бойынша коронавирустық инфекцияның 1875 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде ауру белгілерімен 1234 жағдай және 641 симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайы тіркелді.