Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы №6 ҚАУЛЫСЫ  (өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы)

Павлодар облысы аумағында шектеулі

карантиндік шаралар туралы

№6 ҚАУЛЫСЫ

 (өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы)

 

           2021 жылғы «11» наурыз                                                   Павлодар қаласы

 

Мен, Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Алиев Батырбек Төлеубекұлы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38-бабына, 104-бабы, 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2021 жылғы 25 ақпандағы «Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы» №4 Қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
  • 1-тармақтың 3) тармақшасы келесідей редакцияда жариялансын:

«3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызме-тіне тыйым салу. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне адам саны 25 тен аспайтын топтардың жинақталуымен ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптары сақталған жағдайда жол беріледі»;

2) 1-тармақтың 11) тармақшасы келесідей  редакцияда жариялансын:

«11) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан:

– 300 адамға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуды;

–жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптарда, 1-ден 5-ке дейінгі сыныптарды қоса алғанда, балалар санын 25-тен аспайтын сыныптардың толық жиынтығын ескере отырып аралас форматта оқытуды;

– мектеп бітіруші сыныптар (9, 11(12) сыныптар) үшін аптаның 6 күнінде аралас білім беруді: 70% пәндер штаттық режимде, 30% - қашықтықта (сыныпта 15 адамнан көп емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет принципі бойынша оқыту), мектепте бір мезгілде жобалық қуатының 30% - дан аспайтын болуы, санитарлық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимін күшейту);– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша оқушыларды сабақтан тыс уақытта адам саны 15 аспайтын топтарда жеке оқытуды»;

3) 1-тармақтың  32) тармақшасы келесідей  редакцияда жариялансын:

«32) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, бір келушіге кемінде 4 шаршы метрді қамтамасыз еткен жағдайда, уақытын сағат 8:00 ден 24:00-ге дейін шектеумен сауналардың қызметіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра рұқсат беруді;

4) 1-тармақтың 29) тармақшасы келесідей  редакцияда жариялансын:

 «ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, бір адамға су айнасының 5 шаршы метр есебінен жеке формата бассейндер қызметіне рұқсат беруді»;

         5) 1-тармақ  төмендегідей  мазмұндағы 54) тармақшалармен толықтырылсын:

«54) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, бір келушіге кемінде 4 шаршы метрді қамтамасыз еткен жағдайда, уақытын сағат 8:00 ден 24:00-ге дейін шектеумен СПА орталықтардың  қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін».

  1. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы Қаулы 2021 жылдың 15 наурызында сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді

 

Павлодар облысының

Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері                                                                          Б. Алиев

Дата публикации
12 марта 2021