Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

  

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы     23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының                         10) тармақшасына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі, мекен жайы бойынша орналасқан, алаңы 0,936 гектар, жер теліміне 2031 жылғы 12 қазанға мерзімге дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      

Мәмәйіт Омаров атындағы

ауылдық округі әкімі                                                                 Б. Сукер

Дата публикации
04 февраля 2021