Мемлекеттік қызметтерді көрсету

Мемлекеттік қызметтерді көрсету

 

       Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына; 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»; «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің бұйрықтарына сәйкес көрсетіледі.

Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
  2. Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
  3. Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметер «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

Дата публикации
03 марта 2021