БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ақсу қалалық мәслихатының

«Ақсу қаласының аз қамтылған отбасыларына

(азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

мен тәртібін айқындау туралы»

шешімінің жобасына

 

         «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау туралы» шешімінің жобасын әзірледі.

Ақсу қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі              басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына,                Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй                 қатынастары туралы» Заңының 97-бабына 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.

Осы нормативтік құқықтық актінің жобасы Ақсу қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін анықтайды.

Осылайша, жобаны қабылдау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету үшін қажет.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік - экономикалық және  құқықтық салдарға әкелмейді. Шешім жобасы «Электрондық үкімет» интернет - порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2 ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
25 февраля 2021