«Көпбалалы отбасына тағайындалатын жәрдемақы» қызметіне 2 жолмен тапсырыс беруге болады.
ХҚО арқылы құжат тапсырсаңыз Сізге:
- сәйкестендіру үшін жеке бас куәлігі
- өтініш
- балалардың туу туралы куәлігі қажет болады.
Проактивті қызмет арқылы:
Егер сіз Мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, 4 бала туғаннан кейін сізге проактивті форматта өтініш беру туралы SMS хабарлама келеді. Оған оң жауап беріп, банктік шот нөмірін көрсетіп, сіз ХҚО-ға келмей-ақ қызметке онлайн тапсырыс бере аласыз. SMS хабарламалар сіз Мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда ғана келеді.
Қызмет көрсету уақыты 7 жұмыс күні.
Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу үшін жақын жердегі ХҚО-ға барып немесе Egov.Kz порталындағы «виртуалды көмекшіге» қоңырау шалуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығының видеооператоры сізді МАБ-қа қашықтан тіркейді. ХҚО-ға бармас бұрын кезекті алдын-ала брондауды ұсынамыз, оны Egov.Kz порталы, EgovKzBot2.0 Telegram каналы, Egov.mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе жай 1414 нөмеріне қоңырау шалу орталығы арқылы жасауға болады.