Су- тіршілік көзі

Су- тіршілік көзі.

Сусыз өмір сүру мүмкін емес.
    Барлық тірі ағзалардың 75 пайызы судан тұратыны бәріңізге мәлім. Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Сусыз тамақ піспейді, тазалықта болмайды. Бірде бір өндіріс орыны сусыз жұмыс істей алмайды.

Сумен жабдықтау гигиенасының мәселесі көптеген адамдардың мүддесін қорғайды. Бұл ерекшелік адам физиологиясында судың атқаратын рөлінен шығады.

Адам ағзасындағы судың салыстырмалы тапшылығы денсаулық жағдайының  бұзылуына әкеліп соғады.

         Бірақ судың гигиеналық маңыздылығы оның физиологиялық рөлімен аяқталмайды. Оның басым бөлігі санитарлық және шаруа - тұрмыстық мақсаттар үшін қажет. Бір айта кететін жайт, сумен жабдықтау үшін оның сапасы ауыз суына сәйкес, яғни эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша залалсыз және жағымды дәмдік қасиеттері бар болу керек. Жер үсті көздері суының жалпы қасиеттері, мысалы Ертіс өзені сияқты, төмен минералдау, өлшенген заттардың көп мөлшерлемесі, микробтық ластануының жоғары деңгейі болып табылады. Белгіленген ерекшеліктер Ертіс өзенінің суын табиғи түрінде  ауыз су мақсатында пайдалануға мүмкіндік бермейді және ағарту, зарарсыздандыру мақсатымен алдын - ала өңдеу қажеттілігін туғызады.

         Денсаулық бұзылуының ең бұқаралық және ауыр зардаптары  болып саналатыны сумен бірге ішек аурушаңдығының қоздырғыштарын көшіру мүмкіндігі. Су арқылы тырысқақ, іш сүзегі және сальмонеллез, дизентерия, туляремия, бруцеллез, вирусты гепатитті (Боткин ауруы) жұқтыру мүмкіндігі дәлелденген.

         Канализация жүйесінің ағынды суын тастау, тұрмыстық қалдықтармен топырақты (жайылма шалғындықты) ластау, жұқпалы науқастардың және бактерия таратушылардың бар болуы Ертіс өзені суының ластануына жағдай туғызады. Химиялық құрамы бойынша сапасы нашар суды ұзақ уақыт бойы пайдалану бір сыпыра бұзушылыққа әкелуі мүмкін. Ертіс өзенінің суы тұздар қатаңдығының, фтордың аз құрамдылығы ерекшелігімен белгіленеді.Тұз қатаңдығы құрамы төмен су жүрек – тамыры аурушаңдықтың дамуына, фтор құрамының төмен болуы тіс кариесінің дамуына мүмкіндік береді.

         Денсаулықты қалыптастыру факторларына халықты сапасы артатын ауыз суымен қамтамасыз ету жатады.

         Жыл сайын халықты қауіпсіз ауыз суымен қамтамасыз етудің үлес салмағы өсуде.

         Пайдаланатын судың сапасын жақсарту, халық аурушаңдығы деңгейін төмендету және өмір жағдайын жақсарту мақсатымен сумен жабдықтау құрылыстарын салуға мемлекет едәуір ақшалай қаражат және материалдық ресурстар бөліп отырады.

         Ақсу қалалық СЭБ  басқармасы қала тұрғындары мен  ауылдық өңірінің тұрғындарына сапасы кепілденген ауыз суын пайдалану керектігі туралы естеріңізге салады.

Дата публикации
16 февраля 2021