Бақылау топтары

Ақсу қаласында 3 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, ішкі істер органдарының өкілдері, қоғамшылдар, еріктілер және басқа да мүдделі тұлғалар кіреді.

Ағымдағы жылғы 01-31 қаңтар аралығында 85 рейд жүргізілді, мониторингтік топ мүшелері 980 нысанды тексерді. Шектеу карантиндік шараларының бұзылуы 2 объектіде анықталды.

Шектеу карантиндік шараларын бұзған тұлғаларға қатысты 379 210 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды. Бұзушылықтардың негізгі фактілерінің бірі – уақыт тәртібін бұзу бойынша қызметтерді көрсету және бетперде кию тәртібін бұзу бойынша бұзушылықтар анықталды.

Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қосымша хабарлайды, карантиндік шараларды сақтамау ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 425-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.:

- жеке тұлғалар -30 АЕК (87 510т.);

- шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар-230 АЕК (670 910т.);

- орта кәсіпкерлік субъектілері-310 АЕК (904 270т.);

- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін-1600 АЕК (4 667 200т.).

Өңірлік кәсіпкерлер мен тұрғындардан өтінетіміз: карантиндік шараларды сақтанып жүріңіздер, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеңіз.

Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулықтарын сақтаңыздар!

Дата публикации
16 февраля 2021