БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Ақсу қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын
бекіту туралы» шешімі туралы
«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын әзірледі.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес.
Осы нормативтік құқықтық актінің жобасы мұқтаж азаматтардың жаңа санаттарының тізбесіне толықтыруды және біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерлерін өзгертуді көздейді, атап айтқанда:
бір деңгейдегі білім беру ұйымдарында бұрын басқа мамандық бойынша оқығаны үшін өтем алғандарды қоспағанда, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен жоғары немесе орта-арнайы (кәсіптік) білім алуға табыстарын есепке алмай үзінді көшірмесі бар мүгедек студенттер - 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде, кәсіптік және техникалық оқу орындарында бір оқу жылы үшін 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;
1 және 2 - топтағы жалғызілікті және жалғыз тұратын мүгедектер - тоқсан сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) мөлшерінде;
қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорның тізімі негізінде 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде.
1–топтағы мүгедектерді, мүгедек балаларды санаторлық – курорттық емдеуге еріп жүретін адамдар үшін-40 (қырық) АЕК-тен 55 (елу бес) АЕК-ке, табиғи зілзаланың (су тасқынының) немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін-70 (жетпіс) АЕК-тен 100 (жүз) АЕК-ке, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар және ЧАЭС-тегі тісті протездеуге арналған апатты жоюға қатысқан адамдар үшін-20 (жиырма) АЕК-ке, санаторлық-курорттық емдеу-40 (қырық) АЕК, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға кірістерді есепке алмай, қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды сатып алу үшін -113 (бір жүз он үш) АЕК.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына өзгерістер енгізуге сәйкес 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 өзгерістер енгізілді.
Осылайша, жобаны қабылдау мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін қажет.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» интернет-порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2