АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

"Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2020 жылдың 21 шілдесі сағат 11-00-де,

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52, мәжіліс залы, мекенжайы бойынша: ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалгерлікке беру бойынша конкурс өткізеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі

ҚОСЫМША

 

Жер телімінің

№

Жер телімінің

қысқаша ерекшілігі (алқаптардың кұрамы және түрлері, бонитет баллы)

 

Алаңы,

Гa

Жалгерлікке беру

мерзімі

Жер телімінің

орналасқан жері

1

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 3596,9733 га, оның ішінде жайылым 3594,3327 га, дала жолдары 2,6406 га

20 жыл

Мәмәит Омаров атындағы ауылдық округі

2

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 5105,1802 га, оның ішінде жайылым 5086,0475 га, дала жолдары 19,1327 га

20 жыл

Мәмәит Омаров атындағы ауылдық округі

3

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 666,0658 га, оның ішінде жайылым 662,779 га, дала жолдары 3,2868 га

20 жыл

Мәмәит Омаров атындағы ауылдық округі

4

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 393,9903 га, оның ішінде жайылым 392,8057 га, дала жолдары 1,1846 га

20 жыл

Мәмәит Омаров атындағы ауылдық округі

5

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

          Егістік. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 346,6356 га, оның ішінде егістік 311,38 га жайылым 33,5696 га, дала жолдары 1,686 га

20 жыл

Мәмәит Омаров атындағы ауылдық округі

6

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 455,3707 га, оның ішінде жайылым 454,7537 га, дала жолдары 0,617 га

20 жыл

Алғабас ауылдық округі

7

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 622,7959 га, оның ішінде жайылым 618,0624 га, дала жолдары 4,7335 га

20 жыл

Қызылжар ауылдық округі

8

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 580,08 га, оның ішінде жайылым

578,88 га, жолдар 1,2 га

20 жыл

Достық ауылдық округі

 

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

 

Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім 2020 жылдың 7 шілдесінен 2020 жылдың 20 шілдесі бойы қабылданады, қосымша ақпарат және анықтамалар мына мекенжай бойынша қабылданады: Ақсу қаласы, Пушкин көшесi, (Қазақтелеком ғимараты) 72, 2 қабат. Каб. 204,206, 9.00 ден 13.00 және 14.30 ден сағ 18.30 сағатқа дейін.Телефон: 5-01-25.

Бас маман: Тұрғын Дәурен Русланұлы

 

Дата публикации
28 сентября 2020