Достық ауылық округінің әкімі Ж. Каирхановтың 2020 жыл қорытындысы бойынша халық алдындағы есебі 2021 жыл.

Елбасының Жарлығы бойынша әр деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп береді. 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беруіме рұқсат етіңіздер.

Достық селолық округінің қарамағына Достық, Парамоновка, Төртқұдық,    Кіші Парамоновка, 30 жылдық, Пограничник, ст.Спутник және Тасқұдық ауылдары кіреді. Орталығы: Достық ауылы. Ауылдық округтің жалпы  аумағы 74000 га. Тұрғындардың саны – 3715 адам.

Селолық округте 34 шаруа қожалығы бар. Оның 18 ірі қара малмен,  16 көкөніспен  және 3 жылқы өсірумен айналысады.

45 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 22 дүкендері бар, 1 Жанар-май станциясы (ст.Спутник, Битигов Жуматай), жиғаз шығатын 1 ("KUSSAN") кәсіпкер жұмыс істейді.

 Жанар-май станциясы (ст.Спутник, Битигов Жуматай), жол бойындағы кәсібін кеңейтуде. Асханасында 14 орындық, дөңгелек жөндейді, АИ-92 бензинін, газ сатады, қосымша жер алып ұлкен жүк көліктеріне тұрақ жасап жатыр. Қоғамдық монша, қонақ үй салып жатыр.

 

Шаруашылықты есептеу кітабі бойынша селолық округі аймағында 974  үй шаруашылығы тіркелген, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығымен айналысатын 491 үй шаруашылық.

Ауылдық  округ бойынша жеке шаруада Ірі Қара мал саны 3486 бас, шошқа-368, жылқы-816, қой, ешкі-7462, құс-2481 бас.

2020 жылдың нәтижесі бойынша өз кіріс көзі келесі цифрлар:Жеке табыс салығының 2 млн. 402,1    мың теңге жиналды;Мүлік салығының 163,6  мың теңге жиналды;Жер салығының 331,1   мың теңге;Көлік салығының 6 мил. 032 мың теңге.

Ауылдық округте тұрғындардың жақсы тұруларына, кіші және орта бизнеспен айналасуға қолайлы жағдайлар жасалған.

Ауылдық округте негізгі және 3 жалпы орта мектептері бар.  Онда 747 бала оқиды.

Есеп
Дата публикации
05 января 2021