Алғабас ауылдық округінің экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы есеп беруі

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа есепті кездесулерін өткізу туралы Жарлығын орындау бойынша, бүгін Сіздердің алдарынызға 2020 жылы Алғабас ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беруге рұқсат етіңіздер.

Кездесуде әр түрлі ұлттық құрамның қатысуына байланысты, есеп беру  баяндаманы ұлтаралық тілде жолдауға рұқсат етініздер.

Есеп беру алдында өткен жылдың ерекше жыл екендігіне тоқталғым келеді, өйткені пандемия барлық қазақстандықтардың өмірі мен жұмысына өз түзетулерін енгізді.

Ауылдық округте есепті кезеңде КВЭ ауруымен ауырған 3 жағдай тіркелді, олардың екеуі емделді, бірақ өкінішке орай Жолқұдық ауылының тұрғыны көз жұмды (В.Түсіпбекова).

Короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу және санитарлық нормаларды сақтау мақсатында округте медицина қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, қоғамшылдар және жергілікті билік өкілдерінен  мониторингтік топ құрылды, ол жыл бойы әлеуметтік және сауда объектілерінің санитарлық нормаларының сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізді. Сонымен қатар, санитарлық нормаларды сақтау туралы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Есеп
Дата публикации
05 января 2021