VII шақырылған  Ақсу қалалық мәслихатының депутаттарын кезекті сайлаудың қорытындылары туралы хабарландыру

VII шақырылған  Ақсу қалалық мәслихатының депутаттарын кезекті сайлаудың қорытындылары туралы хабарландыру

 

 

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай округтің аумағы бойынша, Ақсу қалалық мәслихатының депутаттарын кезекті сайлау өткізілді.

Қала  бойынша сайлаушылар тізіміне 50145 адам енгізілді, олардың ішінен 39115 адам немесе 78 пайызы сайлау бюллетендерін алды

Дауыс беруге 39115 адам қатысты, олардың ішінде 44 сайлаушы есептен шығару куәліктерімен дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 322 сайлаушы дауыс берді

Сайлауға 4 саяси партия қатысты

Сайлау партияларына дауыс беру кезінде келесі дауыстар саны берілді

«Nur Otan» партиясы – 29282 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 75,1 %;

Қазақстан Халық партиясы – 2708 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,9 %;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 5087 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 13,1 %;

«ADAL» саяси партиясы – 1892 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,9 %.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жеті және одан көп пайыз дауысын алған саяси партиялар үшін келесі депутаттық мандаттарды бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы – 10 мандат;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 2 мандат.

 

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 января 2021