Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі

Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидат ұсынылған жағдайда:

1) Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну туралы шешімі көрсетілген хаттамасынан үзінді көшірме;

2) Құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) кандидат ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме;

3) Азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан немесе қоғамдық бірлестіктен тиісті сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып сайлауға түсуге келісімі туралы өтініші;

  • Кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
  • Кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;

6) Саяси партияның партиялық билетінің көшірмесі немесе кандидатты ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын, уәкілетті тұлға қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған құжат.

 

 

Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда:

1) Азаматтың тиісті сайлау округі бойынша кандидат болып сайлауға түсу ниеті туралы өтініші;

  • Кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
  • Кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

 

 

 

Кандидаттар тізімдерді тіркеу

 

Кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптардың сақталуы және құжаттардың толық топтамасының ұсынылуы тексерілгеннен кейін жүзеге асырылады.

 

Тиісті сайлау комиссиясына қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:

  •     Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғанын растайтын мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
  • Кандидаттың немесе саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін өз қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын аударады.

 

Сайлау жарнасының мөлшері — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бес еселенген сомасы( 425 000 теңге).

 

Дата публикации
19 октября 2026