Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихаты депутаттарының  кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихаты депутаттарының

 кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі

 іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14-бабының 8 тармағына сәйкес, Павлодар облысы Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Ақсу қаласының әкімі санитарлық дәрігерімен бірге Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауды өткізу кезеңінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
  3. Қаулыны Ақсу қалалық әкімшілік интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Ақсу қалалық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                       С. Жақыпов

 

                  

Ақсу қалалық

аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                       А. Жакенова

Павлодар облысы

Ақсу қалалық аумақтық сайлау  комиссиясының

2020 жылғы 22 қазандағы

№ 17 қаулысына қосымша

 


2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихаты депутаттарының

кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Ақсу қалалық сайлау округін құру, шекарасын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерін көрсете отырып, сайлау округінің  тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей

                 (14-б.,  6) т., 22-б.)

 

 

2. Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)                   

 

 

          3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Ақсу қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей

2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей  

 (23-б. 5-т.)

 

           

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                             

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей  

 (17-б. 2-т.)

 

 

 

5. Ақсу қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну

 

 

 

Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі)

Сайлау күнінен екі ай бұрын басталып және сайлау тағайындалған кезде белгіленген мерзімде аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы                        4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

                        (103-б.)

 

 

          6. Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тізімді, саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні, азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге және тіркеу үшін басқа да қажетті құжаттарды ұсыну

 

 

Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) 

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы                       4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады

                                                              (103-б. 3,4, 5-т.)

 

 

7. Партиялық тізімдерге енгізілген Ақсу қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Саяси партия партиялық тізімді ұсынғаннан кейін басталады

(102-б.)

 

 

8. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну

 

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

9.  Ақсу қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгіленген мерзімде аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады

                                                       (104-б.)

 

            10. Ақсу қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

                                                                             (104-б. 5-т.)

 

 

11. Ақсу қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                          (104-б. 6-т. 1-тт.)

 

 

12. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Саяси партия сенім білдірген адамдардың тізімін тапсырғаннан кейін

 (14-б , тт.8), 31-б.)

 

 

13. Партиялық тізімге енгізілген кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде                                                                        

 (104-б. 2-т.)

 

 

14. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу   

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Партиялық тізім тіркелгеннен кейін  

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

 

15. Бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партиялардың арнайы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 ҚР ОСК қаулысымен бекітілген, ҚР Әділет министрлігінде 1999 жылғы 20 тамызда №870 тіркелген Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына сәйкес айына екі рет

 

 

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру                                 

 

                                         Жергiлiктi атқарушы органдар және Ақсу қалалық аумақтық

                                         сайлау комиссиясы

                                         Үгіт басталғанға дейін, 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін

                                                                                 (28-б. 6-т.)

 

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

 

Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2020 жылғы 10 желтоқсанда сағат 18.00-де басталады және          2021 жылғы 9 қаңтарда нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

 

          18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттардың және саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесулерінің кестесін жасау және  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                 (28-б. 4-т.)

 

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

 

Ақсу қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2020 жылғы 21 желтоқсанға дейін

(26-1 б. 1-т.)

 

 

 

 

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

 

                                   

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2020 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей

                                                                  (26-б. 1-т.)

 

           

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                               

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін                                                               

  (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

        

22. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей

2021 жылғы 3 қаңтарға дейін      

(38-б. 1-т., 3-т.)

 

 

23.  Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2021 жылғы 7 қаңтардан ерте емес және 9 қаңтарға   дейін

(37-б. 3-т.)

 

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

 

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

 

25. Дауыс беруді өткізу                    

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

 

           26. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде Ақсу қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

 

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                                   

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

 

          28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну  

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

29. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Ақсу қалалық мәслихат депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткеннен кейін екі күннен кешіктірмей                                                                                                         

2021 жылғы 12 қаңтардан кешіктірмей

(14-б.  9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т)

 

 

 

30. Ақсу қалалық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткеннен кейін бес күннен кешіктірмей                                                                                                        

2021 жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей

                                                                                               (111-б. 1-т.)

 

 

31.  Ақсу қалалық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2021 жылғы 17 қаңтардан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

 

32.  Ақсу қалалық мәслихат депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)                

 

 

         33. Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

 

 

 

 

 

 

 Саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен

кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

 

            34. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                  

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

Дата публикации
22 октября 2020