Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2026  жылғы 26 мамырда сағат 18.00-де Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

 

Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (25 %) –  саяси партиясымен, 2 (75 %) - өзін-өзі ұсынды.

 Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу
2026 жылғы 31 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 Ақсу қалалық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 мая 2026