Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2026 жылғы 26 мамырдан (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс (эл.пошта:tic_pav_ aks@saylau.kz,мекенжайы: Ақсу қаласы, Астана көшесі, 37, 5 кабинет).

          Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
26 мая 2026