"Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2026 жылдың 22 маусымдағы сағат 10-00-де, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52, мәжіліс залы, мекенжайы бойынша: ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалгерлікке беру бойынша конкурс өткізеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі
ҚОСЫМША
|
Жер телімінің № |
Жер телімінің қысқаша ерекшілігі (алқаптардың кұрамы және түрлері, бонитет баллы)
|
Алаңы, Гa |
Жалгерлікке беру мерзімі |
Жер телімінің орналасқан жері |
|
1 |
Егістік. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 387,7 га, оның ішінде: егістік 387,1 га, жолдар 0,6 га
|
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
2 |
Егістік. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 383,0 га, оның ішінде: егістік 382,4 га, жолдар 0,6 га |
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
3 |
Егістік. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 464,8 га, оның ішінде: егістік 464,8 га |
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
4 |
Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 459,0 га, оның ішінде: жайылымдар 457,1 га, жолдар 1,9 га
|
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
5 |
Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 191,8 га, оның ішінде: жайылымдар 191,6 га, жолдар 0,2 га |
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
6 |
Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 410,4 га, оның ішінде: жайылымдар 409,7 га, жолдар 0,7 га |
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
7 |
Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 315,7542 га, оның ішінде: жайылымдар 315,7542 га |
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
8 |
Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 868,3 га, оның ішінде: жайылымдар 865,0 га, жолдар 2,8 га, басқалар 0,5 га |
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
9 |
Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 1000,2 га, оның ішінде: жайылымдар 996,3 га, жолдар 3,9 га |
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
10 |
Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 1103,6 га, оның ішінде: жайылымдар 1101,0 га, жолдар 2,6 га |
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
11 |
Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 200,0 га, оның ішінде: жайылымдар 199,1 га, жолдар 0,9 га |
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
|
12 |
Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15. |
Жалпы алаңы 404,2 га, оның ішінде: жайылымдар 403,0 га, жолдар 1,2 га |
10 жыл |
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар қамтылуға тиіс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «жылғы __________ «_____» дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 8 маусымнан бастап 2026 жылғы 19 маусымды қоса алғанда қабылданады, қосымша ақпарат пен анықтамалар Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52, кеңсе мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан 18.30-ға дейін қабылданады. Телефоны 8 (71837) 24303, 24301.