Өрт — бұл кез келген уақытта орын алуы мүмкін, адам өмірі мен мүлкіне үлкен зиян келтіретін апат

Өрттердің көпшілігі отпен абайсыз қарау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан туындайды.

Өрттің жиі кездесетін себептері мыналар:

  • Балалардың отпен ойнауы – сіріңке, оттық немесе шаммен ересектердің бақылауынсыз ойнау;
  • Электр желісінің шамадан тыс жүктелуі, жарамсыз розеткалар мен ұзартқыштарды пайдалану;
  • Плита мен жылытқыш құралдарын қараусыз қалдыру, газ немесе электр плитасын сөндірмей кету;
  • Өшпеген темекі тұқылы, жиһаздың, кілемнің немесе қоқыстың тұтануына себеп болуы мүмкін;
  • Жанғыш заттарды жылу көздерінің қасында сақтау.

Есіңізде болсын: кішкентай ғана ұшқын үлкен өртке айналуы мүмкін!

Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін әрқашан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз және электр құралдарының жарамдылығын тексеріңіз.

 

Өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

Дата публикации
19 мая 2026