Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне  кандидаттарды тіркеу сайлау жарнасын төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын енгізеді:

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді (ЕТЖ 2026 жылғы 1 қаңтарға – 85 000 теңге);

Кандидатты ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына әрбір ұсынылған кандидат үшін сайлау жарнасын енгізеді:

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді (ЕТЖ 2026 жылғы 1 қаңтарға – 85 000 теңге).

Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және жергілікті бюджет кірісіне айналдырылады.

Сайлау жарнасын енгізу үшін реквизиттер:

Ақсу қаласы әкімінің аппараты ММ

БСН 980240001611

ЖСК KZ940705031223021002

«ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ

БСК: KKMFKZ2A

Кандидаттар төлем тағайындауда келесіні көрсетеді

Кандидаттың сайлау жарнасы (ауылдық округтің атауы, ТАӘ)

Дата публикации
13 мая 2026