Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 мамырдағы № 32 қаулысымен Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің шекараларында сайлау округі құрылды.

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 мая 2026