2020-2025 жылдар аралығында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ақсу өңірінде ауыл инфрақұрылымын дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Осы кезеңде жалпы сомасы 5,7 млрд.теңге болатын 38 жоба іске асырылды.
Кентішілік жолдардың жағдайын жақсартуға басты назар аударылды. Жалпы ұзындығы 73,6 км жолды орташа және күрделі жөндеу бойынша 16 жоба іске асырылды, бұл елді мекендер ішіндегі жол жамылғысының сапасын едәуір арттыруға, тұрғындар үшін қозғалыс жағдайларын жақсартуға және қауіпсіз жол ортасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 27% - дан 52,3% - ға дейін өсті.
Көше жарығын дамыту маңызды бағыт болды. 7 жоба іске асырылды,оның шеңберінде 49,4 км көше жарықтандырылды. Бұл елді мекендерде, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін арттырды. Жарықтандырылған көшелердің үлесі 73,2% - дан 87,2% - ға дейін өсті.
Әлеуметтік инфрақұрылымға ерекше назар аударылады. Денсаулық сақтау саласында объектілерді салу бойынша 2 жоба іске асырылды, бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға ықпал етті. Мәдениет саласында 1 нысан салынды, ол қоғамдық және мәдени өмірдің маңызды орталығына айналады.
Спорттық инфрақұрылым да белсенді дамыды. 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, тағы 4 ДСК құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр, сондай-ақ Қанаш Қамзин ауылында шағын футбол алаңына күрделі жөндеу жүргізілді, бұл спортпен шұғылдануға және халықтың денсаулығын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер туғызды.
Білім беру саласында Достық ауылдық округінің Береке ауылының орта мектебіне қайта құру жүргізілді. Сонымен қатар, Евгеньевка ауылдық округінің Ю.Гагарин атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ Қалқаман ауылдық округінің Қалқаман ауылында «Чайка» балабақшасының ғимараты мен мектеп спорт залы жөнделді.
2020-2025 жылдары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру ауылдық аумақтарды дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және ауыл тұрғындарының өмір сүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға елеулі үлес қосты.