Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ЖСК туралы ереже

Ақсу қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының

2025 ж. «20» тамыз №23/1

қаулысымен бекітілген

 

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы

Жас сайлаушылар клубы туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Ақсуқалалықаумақтықсайлаукомиссиясыжанындағы Жассайлаушыларклубы(бұдан әрі –Клуб)ПавлодароблысыАқсуқалалықаумақтықсайлаукомиссиясы (бұдан әрі – АСК) жанындағысайлаупроцесінеқатысушыжасазаматтардыңеркінбірлестігі болып табылады.

 

Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

  1. Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде АСК мүшелерімен және аппаратымен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
  2. Клубтың Ережесі АСК қаулысымен бекітіледі.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

 

  1. Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
  2. Клубтың негізгі міндеттері:

1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;

2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;

3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;

4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары

 

  1. Клубтың қатысушылары жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) бола алады.
  2. Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
  3. Клуб қатысушылары құқылы:

1) АСК Төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;

2) Клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады.
  2. Клубтың отырыстарын АСК Төрағасы қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
  3. Клубтың қызметін, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстардың дайындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жұмыс органы АСК аппараты болып табылады.
  4. Жұмыс органы:

1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;

2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;

3) Клуб отырысы барысында хаттама, оның ішінде аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар АСК қаулысымен енгізіледі.
  2. Клуб қызметі АСК Төрағасының шешімімен тоқтатылады.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы