«Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті қоғамдық талқылау есебі өтті.

Күн тәртібі

"Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Нұриден А. қатысушыларды 2023 жылдың 11 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен таныстырды.

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а.
2020 жылғы 31 Қаңтарда "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" N2 39/ҰК жергілікті атқарушы орган Қызылжар ауылдық округі әкімі аппараты атынан мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Есепті жария талқылау барысында мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген ережелеріне сәйкес қатаң түрде көрсетілетіні атап өтілді. 2023 жылдың 11 айында көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзушылықтар да жоқ.

Қызылжар ауылдық округінің әкімі Д. Ж. Әбілдинов жария талқылау соңында қатысушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен сапасын арттыруға қатысты өздерінде бар мәселелер мен ұсыныстар туралы сұрақпен жүгінді.

Көрсетілетін қызметті алушылар мен мүдделі тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

Есепті жария талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ұсынылды:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына қатаң сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету;
Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдіру, оның ішінде оларды автоматтандыру, оңтайландыру, композиттік қызметке біріктіру жөнінде үнемі ұсыныстар енгізу;
3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтық қайшылықтарды жою бойынша ұсыныстарды үнемі анықтау және енгізу;

"Электрондық үкімет" порталы және оның сервистері арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылармен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Әкімдік ұжымымен Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы зерделеу бойынша тұрақты негізде құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізу;
Қызметкерлердің құзыреттілігін, кәсібилігін, клиентке бағдарлануын, жеделдігін және стресске төзімділігін жақсарту мақсатында олардың біліктілігін уақтылы арттыру.

Дата публикации
16 февраля 2024